Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Еркетай» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
5-20-39
+77774666419
Нашар көрушілер
нұсқасы
18 наурыз- Ұлттық киім күні
18
март
2026
18 наурыз- Ұлттық киім күні
18 наурыз- Ұлттық киім күні. Ұлттық киім күні дәстүрлі киім арқылы мәдени дәстүрлердің бірегейлігі мен алуан өзгешілігін көрсететін маңызды оқиға. Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді. Мереке мәдени әртүрлілікті сақтауға және насихаттауға ықпал етеді, ұлттық бірлікті нығайтады және мәдениетаралық алмасу мен өзара түсіністікке дәріптейді.
17- наурыз Шаңырақ күні
17
март
2026
17- наурыз Шаңырақ күні
16 наурыз- Шаңырақ күні. Қазақтың қасиетті шаңырағы — бірлік пен татулықтың белгісі Ұрпағымыз аман, отбасымыз берекелі болсын. "Күншуақ" тобының тәрбиеленушілері Байділда Мирас және Байділда Алинұр әжесімен
16-наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16
март
2026
16-наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16-наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Балабақшада балаларға ұлттық салт дәстүрлердің мәні түсіндіріліп, халқымыздың бай мұрасын таныстырды. Таныстыру барысында шашбау тағу рәсімі көрсетілді. Шашбау-ұлттық салт белгісі. Шашбау-қазақ қыздарының дәстүрлі әшекейі. Ол тек сұлулықты көрсетіп қана қоймай, отбасы мен қоғамдағы сыйластық пен тәрбиені де бейнелейді. Ұрпаққа салтты жеткізетін мәдениетіміздің маңызды белгісі.
Қайырымдылық күні
14
март
2026
Қайырымдылық күні
15-Наурыз Қайырымдылық күні балабақшамызда "Мейіріммен толтырайық" акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында балабақша қызметкерлері бірлесіп, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында түрлі тағамдар мен азық-түлік өнімдерін жинақтады. Жинақталған азық-түлік мұқтаж отбасыларға табысталды. Бұл игі іс адамдарға қамқорлық танытып, мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дәріптеуге бағытталған 
Көрісу күні
13
март
2026
Көрісу күні
Ұлыстың ұлы күні- Көрісу күні құтты болсын! Көрісу тек дәстүр ғана емес, бұл- ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн. Бұл күні реніштер ұмытылып, барша жан кешірімділік пен мейірімділікке бөленеді. Әр үйге шаттық пен береке, әр жүрекке жылулық пен қуаныш тілейміз.  
«Менің әкем- полиция қызметкері» сурет салу көрмесі
27
январь
2026
«Менің әкем- полиция қызметкері» сурет салу көрмесі
«Менің әкем- полиция қызметкері» сурет салу көрмесі "Күншуақ" ересек топ тәрбиеленушілер арасында ұйымдастырылды.
"Қыс қызығы" атты іс-шара өткізілді
22
январь
2026
"Қыс қызығы" атты іс-шара өткізілді
"Ботақан" ортаңғы тобында қыс мезгілінің ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және шығармашылығын дамыту мақсатында "Қыс қызығы" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар қар күреп, қар бетіне сурет салып, шанамен жарыс ойынын ойнатып балаларға ерекше көтерінкі көңіл күй сыйлады Тәрбиеші: Исабекова Г.  
"Ханаталапай" ұлттық ойыны
13
январь
2026
"Ханаталапай" ұлттық ойыны
"Ханталапай" ұлттық ойынын педагогтер арасында дене шынықтыру жетекшісі С.Базарованың ұйымдастырды.
Әжімнің ертегілері танымдық сағаты "Балапан" кіші тобы
12
январь
2026
Әжімнің ертегілері танымдық сағаты "Балапан" кіші тобы
Әжімнің ертегілері танымдық сағатына әжелеріміз келіп "Балапан" кіші тобының балаларына "Шалқан" ертегісін оқып берді.  
"Ұлттық ойындар" тақырыбында іс - шара
23
декабрь
2025
"Ұлттық ойындар" тақырыбында іс - шара
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдардамасы аясында дене шынықтыру жетекшісі С.Базарова "Күншуақ" ересек тобымен ұлттық ойындар ойнатты.