12
март
2024
№83 бұйрық 27.01.2016 жылғы Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді атте
№83 бұйрық 27.01.2016 жылғы Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы таныстыру.
“Еркетай"бөбекжай-бақшасының меңгерушісі А.Н.Бидайбекова педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы түсіндірме жұмыс жүргізді.
1)Мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтері үшін “Бейіні бойынша әдістемелерді білу, мектепке дейінгі педагогика және психология”- елу тапсырма.
2)Өтпелі кезеңде ”Екінші санат”, “бірінші санат”, “жоғары санат” біліктілік санаттары бар педагогтер негізінде “педагог- модератор”, “педагог- сарапшы”, “ педагог- зерттеуші” біліктілік санатын беру үшін біліктілік бағалауынан және ПББ- дан өтеді.
3)Мектепке дейінгі білім беру педагогі ұйымдастырылған іс-әрекетті бағалау критерийлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны бағаланады.
4) Біліктілік санатын растау кезінде 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тарсырудан босатылады,қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.
ПББ өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орынын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні, уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі.ПББ өтеді:
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – ақылы негізде 1 АЕК көлемінде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін.
Сынамалық тестілеу (мұғалімнің қалауы бойынша) – жыл бойы ақылы негізде. Сынамалық тестілеудің нәтижелері аттестаттаудан өту үшін негіз болып табылмайтыны туралы таныстырып өтті


