"Күншуақ" Ересек топ тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған іс-әрекет
"Күншуақ" ересек топ тәрбиеленушілері. Тақырыбы: " Ырғақты дыбыстар" Мақсаты: Музыка дыбыстарын ажырату . Міндеті: 1) Аспаптарды тембірлік үнінен ажырату. 2) Музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезініп салыстырып, сәйкес қимылдар жасау. 3) Музыканың жоғары, орташа, төменділігін сезіне білу. 4) Әнді қуанышты екпінді орындауға, әнге сәйкес би қимылдарын үйлестіріп қозғалуға талпындыру.